ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ САЛАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА

0

«Қазақстан Республика- сының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №186 бұйрығына сәйкес, ҚР АШМ АӨК МИК Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру мемлекеттік қызмет түріне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  1. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 3(үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда рәсімделеді. Фитосанитарлық сертификат өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың жеке қолы мен мөрі (мөртабан) қойылып беріледі және куәландырылады.

2.Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетшілік тасымалдауға  карантиндік сертификат беру немесе оны беруден уәжді бас тарту 1(бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рәсімделеді.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор: өтініш келіп түскен күннен бастап 1(бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын қарайды.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз негізде (тегін) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде толық ақпаратты Сарысу аудандық аумақтық инспекциясынан, Саудакент ауылы, Қ.Асанов көшесі №7 мекен-жайы бойынша келіп немесе 8(72634) 2-19-54 телефоны арқылы қоңырау шалып туындаған сұрақтар бойынша жауап ала аласыздар. Сонымен қатар, Сарысу аудандық аумақтық инспекциясында өтінім беруге арналған «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы «өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы орналастырылған.

А.Башенов, ҚР АШМ АӨК МИК  Сарысу аудандық аумақтық инспекция басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.