Ер есімі-ел есінде

0

Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерейтойына орай Досбол ауылдық округінде «Ер есімі-Ел есінде» монументі алаңында «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!»  атты тарихи танымдық кеш болып өтті.

Досбол ауылдық округ әкімі Нұрлан Оңғарбекұлы Молдабеков Ұлы Жеңіс мерекесімен ауыл тұрғындарын құттықтады. Іс-шараға  тыл және еңбек  ардагерлері Қозыбаев Өсербек  және ардагерлер кеңесінің төрағасы Пернебек Алтынбеков қатысты. Шара барысында мекеме қызметкерлері «Ер есімі-Ел есінде» монументіне гүл шоқтарын қойды. Досбол орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұргел Ұлжан Т.Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңін, Кенжетай Ақбаян  «Отан»,  Асылхан Әлихан  «Қазақстан» өлеңдерін нақышына келтіре оқып шықты. Оңғарбек Аруназ  «Саржайлау», «Атамекен», «Анамның тілі» әндерін шырқады. Кеш соңында мектеп оқушылары «Егемен Қазақстан!»  әнін хормен шырқады.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.