ТЕРРОРИЗМ-қауіпті тажал

0

Өткен аптада аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына  аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері, қала және ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме және кәсіпорын басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Мектепте діни киім (хиджаб) киетін оқушылардың ата-аналарымен жүргізілген профилак-тикалық жұмыстардың жай-күйі, туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары туралы» аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Кабулова, екінші мәселе бойынша  «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарымен атқарылған жұмыстардың тиімділігі және туындаған проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Салимова және үшінші мәселе бойынша «Террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу деңгейінің жағдайы және бүгінгі таңға дейін тексерілген нысандардың қорытындылары туралы» аудандық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімшесінің аға жедел уәкілі Б.Қонысов баяндама жасады. Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы баяндамашыларға сұрақтарын қойып, терроризмнің алдын алудың шараларын күшейтуді тапсырды.

Самат Токпанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.