ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0

Өткен аптада аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және  әріптестерге өзінің діни нанымдарынан таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Рысдәулеттің төрағалығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов, ауданның бас имамы А. Кәрімбаев, теолог маман М.Мырзағараев, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары, Жаңатас қаласы мен ауылдық округтердің әкімдері және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Басқосу сұрақ-жауаптармен алмасып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.

Самат Тоқбанов, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.