ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

0

2022 жылдың 20 сәуір күні сағат 15.00-де Сарысу ауданының прокуроры Думан Алдабергенұлы Алдабергеновтың бастамасымен халқы тығыз шоғырланған Түркістан ауылдық округі, Арыстанды ауылында құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайта отырып, атқарылып жатқан істердің заңдылығына баға беру мақсатында  жергілікті тұрғындардың  жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауға білім, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс,  жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауылшаруашылық, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй,  ішкі саясат бөлімдері мен аудандық аурухана, электр жүйесін тарату, мекеме басшыларының қатысуымен өтті.

Қабылдау барысында  мал шаруашылығына берілетін несиелер, бизнестің жол картасы – 2025    бойынша қайтарымсыз грант, 6%-дық жеңілдетілген несие алу, Жаңатас – Арыстанды тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары, мұғалімдерді қызметтік үймен қамтамасыз ету, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылу және көкейде жүрген мәселелермен жүйелі проблемалар көтеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, міндеттер жүктелді.

Елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған аталған бастама бұдан әрі өз жалғасын табады.

«SARYSÝ-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.