Н.НҰРЖІГІТОВ: БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛСА, ХАЛЫҚ БАҒАНЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАНБАС ЕДІ
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 106,2 пайызды құрады.
Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова үш айдың қорытындылары туралы баяндады.
Ол өнеркәсіп саласындағы өсім 6,2 пайызды, ауыл шаруашылығы – 0,1, құрылыс – 16,2, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 5,1, инвестиция – 13 пайызды құрағанын жеткізді.
Қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиев бюджет қаражатының игерілуі барысын хабарлады.
Аймақ басшысы көрсеткіші төмен аудандардан жауаптар алып жұмысты ширатуды тапсырды.
Басқосуда қаралған келесі мәселе – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл бойынша алғашқы болып баяндама жасаған ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов көктемгі дала жұмыстарын атап өтіп, өнімдермен облыс халқының қамтылу деңгейіне тоқталды.
— Өткен жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларына сәйкес жалпы облыс халқының тұтынуы үшін жылына 762,5 мың тонна. 19 әлеуметтік маңызы бар тауарларының 10 түрінен ішкі тұтынымды толық қамтамасыз етілсе, қалған тауарлар сырт өңірлерден тасымалданады. Сонымен қатар, өндірілген өнімнің экспортына 468,5 мың тоннасы шығарылса, ішкі тұтынымға қажеттілікті қажет ететін 49,0 мың тоннасы импортталды,- деді Е.Жиенқұлов.
Облыста жалпы сыйымдылығы 255,9 мың тоннаны құрайтын 236 қойма бар. Оның, 81 қоймасы мұздатқышпен десек, олардың сыйымдылығы 47,2 мың тонна. Қазіргі таңда 52 қоймада 15,9 мың тонна өнім сақталуда.
Басқарма басшысының айтуынша, мерзімаралық кезеңді толық қажетті өніммен қамту үшін сыйымдылығы 40,0 мың тоннаны құрайтын мұздатқышы бар қоймалар қажет.
Облыс әкімі қайта өндеу цехтарын салу, бар кәсіпорындардың жүктемесін еселеу, ішкі қамтуды арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жеткізді.
— Есеп бергенде бәрі жақсы, ал нақтысына келгенде олай болмай шығады. Бәрі жақсы болса, халық бағаның тұрақсыздығына қатысты шағымданбас еді еді. Мониторингтік топтардың жұмысы ойдағыдай емес. Зерделеу жүргізіп, нақты шаралар қолдану керек. Аудандарда тұрақтандыру қорларын ашу бойынша тапсырма орындалмай отыр. 10 күннің ішінде ұсыныстарыңызды жолдаңыздар,-дей келе Нұржан Нұржігітов бағаның тұрақтылығы қатаң бақылауда болуын, үстемақының шекті мөлшері сақталуын, дүкендерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді жүктеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы мемлекеттік сатып алудағы бірқатар жайттарға айрықша назар аударып, “бір көзден” алу тәсілін тоқтатуды тапсырды. Жиында жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланыс орнату мәселесі де қаралып, облыс әкімі Тараз қаласы, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бұл жұмысқа немқұрайлы қарамау керектігін баса айтты.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Н.Нуржигитов: Если бы все было хорошо, жители не жаловались бы на нестабильность цен
По итогам трех месяцев текущего года в Жамбылской области экономический рост составил 106,2%. Об этом говорилось на очередном аппаратном совещании под председательством акима области Нуржана Нуржигитова.
Руководитель управления эконо- мики и бюджетного планирования Гульдана Жауынбекова доложила об итогах социально-экономического развития региона за три месяца 2022 года.
Объем промышленного произ- водства увеличился на 6,2 процента. В сельском хозяйстве рост составил 0,1 процента. На 5,1 процента больше введено в эксплуатацию жилья, объем строительства увеличился на 16,2 процента, инвестиций в основной капитал — на 13 процентов.
Руководитель управления финансов Жаксылык Сапаралиев доложил о ходе освоения бюджетных средств.
Глава региона учинил жесткий спрос с акимов районов, которые отстают по некоторым показателям.
Еще один вопрос, который был рассмотрен на совещании — обеспечение продовольственной безопасности. С докладом выступил руководитель управления сельского хозяйства Ербол Жиенкулов.
— Исходя из минимальных норм потребления основных продуктов питания, по итогам прошлого года для общего потребления населением области необходимо 762,5 тыс. тонн в год. Из 19 социально значимых продуктов питания наш регион полностью обеспечивает себя 10 видами, — сказал Е. Жиенкулов.
В области функционируют 236 овощехранилищ общей вместимостью 255,9 тыс. тонн. Из них 81 склад с морозильными камерами общей вместимостью 47,2 тыс. тонн. В настоящее время на 52 складах хранится 15,9 тыс. тонн продукции.
Аким области указал на важность проведения системной работы по строительству перерабатывающих цехов, наращиванию мощности предприятий.
Руководитель управления предпри- нимательства и индустриально-инновационного развития Аспандияр Сейсебаев рассказал о проводимой работе по стабилизации цен на социально значимые товары.
— Слова не соответствуют результатам. Если бы все было хорошо, жители не жаловались бы на нестабильность цен. Работа мониторинговых групп не увенчалась успехом. Необходимо изучить текущую ситуацию и принять конкретные меры. Поручение по открытию стабилизационных фондов в районах не исполнено. В течение 10 дней жду от ответственных лиц реальные предложения по улучшению ситуации, — потребовал Нуржан Нуржигитов.
Глава региона подчеркнул, что меры по стабилизации цен должны находиться под строгим контролем, необходимо контролировать соблюдение торговой надбавки, обеспечить бесперебойную доставку социально значимых продуктов.
Кроме того, обсуждены вопросы, связанные с проведением государственных закупок. Аким области поручил прекратить необоснованное проведение закупок из одного источника.
На совещании также был рассмотрен вопрос улучшения обратной связи местных исполнительных органов с населением. Глава региона подчеркнул, что акимам города Тараза и районов, руководителям управлений необходимо этому вопросу уделять особое внимание.
Пресс-служба акима Жамбылской области