ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ
Қоғамдық кеңес мүшелері шешім қабылдады:
Сарысу ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Ералиев Шынайдар Бекұзақұлы сайлансын.
Ж.Орымбаев, қоғамдық кеңесті қалыптастыру
жұмысшы тобының басшысы
Ә.Өтебаева, хатшы
Ералиев Шынайдар Бекұзақұлы – 1953 жылы 14 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы Ащысай ауылында дүниеге келген.
1970 жылы 9 сынып- ты бітірген соң «кентау тау – кен металлургия» техникумына түсіп 1976 жылы „Тау – кен құрылыс” факультетін бітірген. 1972-1974 жылдары азаматтық борышын өтеген “ГСВГ”- де. 1976 жылдан бастап Жаңатас қаласындағы „Казпромтехмонтаж” тресінде слесарь – монтаждаушы, механик, бас механик болып қызмет атқарды. 1979 жылы Жаңатас мұнай қоймасының бас инженері. 1984 жылға дейін Жаңатас автокөлік қоймасының бас инженері, автоколанна басшысы, көлік жөңдеу стансасының шебері. 1985 жылдан 1993 жылға дейін Жаңатас автокөлік ВАЗ стансасының бастығы қызметін атқарды. 1993 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, Жаңатас қаласындағы сол кездегі „жетім балалар” үйіне және мектептерге қолдау көрсетіп көмек жасаған. 2007 жылы ІV – ші шақырылған Сарысу аудандық мәслихат депутаты болды. 2011 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасы Президиентінің сайлауында „Қазақстан Республикасы Президиентінің” “Алғыс„ грамотасымен марапатталған және осы жылы „Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20-жыл” мерекелі медальімен наградталды. 2016 жылдан бастап зейнеткер. 2017 жылы „Ауыл еңбегі үшін” медальмен, 2017 жылы Сарысу ауданының “Құрметті Азаматы” атағы берілді. 2019 жылы „Жаңатас қаласына- 50 жыл” мерекелік медалмен марапатталды. 2019 жылдан бастап “Дүниежүзі қазақтарының” Сарысу ауданы “Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының” төрағасы. 2020 жылы „Дүниежүзілік қазақтар облыстық филиалына 1 жыл” мерекелік медалімен марапатталған.”
Сарысу ауданы Алқа билер мүшесі және Сарысу ауданы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
Жанұялы 4 ұл қыз, 10 немере тәрбиелеуде.