Бәрі де жеңімпаз атанды
Жуырда Алматы облысы Талдықорған қаласында самбо күресінен 2004-2006 жылғы жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірлерінен 480 астам спортшылар қатысты.
Осы байрақты бәсекеде Бахыт Батырұлының шәкірті Сара Шугаева 50 келі салмақ дәрежесінде бағын сынап, айқын басымдықпен 1-орынды қанжығасына байлап, Қазақстан чемпионы атанды.
Енді ауданымыздың жас спортшысы Сара Шугаева Азия және Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.
***
Қарағанды облысы, Теміртау қаласында грек-рим күресінен 2007-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Қазақстан Магниткасы» атты республикалық турнир болып өтті.
Аталмыш жарысқа әр өңірден 400 –ге жуық спортшылар бақ сынасты. Ауданымыздағы №26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасынан 6 спортшы қатысты. Нәтижесінде жаттықтырушылар Нұрбол Әшім, Бауыржан Өтегеновтың шәкірттері Борис Дінмұхаммед 2- орынды жеңіп алса, Аймахан Мейірхан 3-орынды иеленді.
Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласында грек-рим күресінен 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Сәтпаев қаласының кубогы жүлдесіне арналған республикалық турнир болып өтті.
Бұл жарысқа 500-ден астам спортшылар қатысты. №26 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтыру- шысы Рүстем Ахметовтың шәкірті Көпбай Ердәулет 38 келі салмақ дәрежесінде бағын сынап, 1-орынды жеңіп алды. Сөйтіп чемпион атанды.
«SARYSÝ-Aqparat»