Спорт-салауатты өмір негізі
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Жастар ресурстық орталығы Сарысу ауданы полиция бөлімімен бірлесе отырып Ақтоғай ауылында «Спорт – салауатты өмір негізі» атты аудандық кіші футболдан турнир ұйымдастырылды.
Аталған турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы күреске қоғам назарын аудару.
Турнирге ауданның әр өңірінен 9 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орынды Жаңатас қаласының «Шоқан» командасы, ІІ орынды Ақтоғай ауылының командасы иеленсе, ІІІ орынды Өндіріс ауылының командасы қоржынына салды.
Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткен спортшылар арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда Жаңатас қаласынан Жансерік Дүйсенов үздік қақпашы, Серік Нұрдәулет үздік шабуылшы, Өндіріс ауылынан келген Төрехан Нұрасыл үздік ойыншы атанды.
Жастар ресурстық орталығы