Аудан ардагерлері облыс төрінде

0

Бүгінгі таңда дені сау ұлттың болашағының зор екені баршамызға аян. Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Оның ішінде аудан ардагерлері арасында спорттық жарыстар тұрақты ұйымдастырылып отырады. Ардагерлеріміздің сүйікті спорт түрлерінен бақ сынасуына мүмкіндік жасап, жарыстар өткізу дәстүрлі түрде жолға қойылған.
Спортсүйер аға-апалары­мыздың жарысқа құлшыныспен келіп, қатысып жатқаны көңіл қуантады.
Бұл жақсы бастама. Өйткені, спорттық шаралар біріншіден, ардагерлерге күш-қуат берсе, екіншіден, жас ұрпаққа үлгі өнеге.
Осы орайда, облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған Тараз қаласындағы «Тараз — Арена» спорт кешенінде ардагерлер арасында облыстық спартакиада өткізілді.
Спорттың 7 түрі бойынша, атап айтқанда волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ және бильярд спорт түрлерінен ақтық кезеңіне 300-ге жуық ардагерлер қатысты.
Сайысқа ауданымыздың ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Шара барысында ардагерлердің салауатты өмір салтын ұстануға және осы спартакиадаға дайындалуға белсенді және ардагерлермен тығыз қарым — қатынас құрып, белсенділік танытқаны үшін аудан әкімі Сәкен Мамытовқа облыстық ардагерлер кеңесінің марапаты тапсырылды. Сайыс келелі әңгімелерге ұласып, әр ауданнан келген қариялар бір — бірлерімен емен — жарқын әңгіме құрды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі кубоктармен және дипломдар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы аясында ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.