ХАЛЫҚТЫ ДИСПАНСЕРЛЕУДЕГІ МЕРЗІМДІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өту Қазақстан Республикасының заңнамасымен және нормативтік актілермен реттеледі. Қазастан Республикасы Еңбек кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V 185 бабына сәйкес жұмыс беруші міндетті және мерзімді (жұмыс кезіндегі) медициналық тексеруді өз қаражаты есебінен жүргізуі тиіс, сондай-ақ Қазастан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жұмысшыларға ауысымдық медициналық куәландыру өткізу де өз есебінен жасалады. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»№ 360-VI кодексінің 86 бабында медициналық тексерулердің негіздері мен міндеттері көрсетілген. Денсаулықты қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған уақытылы медициналық тексерулер өткізуді қамтамасыз ету және кәсіби аурулар, уланулар мен жазым болған жағдайларды анықтау медициналық тексерулердің негізгі мақсаттары болып табылады. Міндетті медициналық тексеру алдын ала, мерзімдік және ауысымдық болып бөлінеді.
Кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау мақсатында оқуға немесе жұмысқа түсу кезінде, сондай-ақ жалпы, кәсіби, инфекциялық және паразитарлық ауруларды алдын алу кезінде алдын ала міндетті түрдегі медициналық тексерулер жүргізіледі.
Жұмысшылар денсаулығының жағдайын динамикалық түрде бақылау, аурудың бастапқы белгілерін уақытылы анықтау және кәсіби, инфекциялық және паразитарлық ауруларды алдын алу мақсатында кезеңдік міндетті медициналық тексерулер жүргізіледі.
Ауысымда жұмысқа кірісу үшін кәсіптік жарамдылығын, уақытша жұмысқа жарамсыздығын, сондай-ақ, денсаулық жағдайын анықтау, жеке тұлғада аурудың жоқтығын немесе барын растау немесе орнату мақсатында ауысымдық міндетті медициналық тексерулер жүргізіледі.
ҚР Үкіметімен бекітілген тегін медициналық көмегінің кепілді мөлшерінің тізіміне сәйкес, тексеру мәліметтеріне тиісті, тұлғалардың профилактикалық медициналық тексерулерден өту үшін жұмыс берушілерге жағдай жасайды.
Жұмыс беруші тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді мөлшері шегінде профилактикалық медициналық тексерулер, сондай-ақ, денсаулық жағдайы жұмысқа жарамсыз деп танылғанда немесе тиісті медициналық тексерулерден өтпеген тұлғаларды жұмысқа қабылдамауы керек.
Жұмыс істеушілердің мерзімдік тексерулері кәсіптік ауруларды ескертуді қамтамасыз етіп, маңызды емдік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Оқыс жағдайларды ескерту бойынша түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ, негізгі ауруларды анықтау, өндірістік факторлармен және қауіпті, зиянды заттармен жұмыстың созылуына бөгет ететін, кәсіптік аурулардың бастапқы белгілерін уақытылы анықтап және алдын ала емдеу, кәсіптік зияндыәсері бар жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылардың, тұлғалардың денсаулық жағдайын бақылау мерзімдік медициналық тексерулердің мақсаты болып табылады. Жүргізілген медициналық тексерулердің мәліметтерінен туындайтын жеке емдік-профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету тексерулердің маңызды міндеттері болып табылады.
Амбулаториялық-аурухана деңгейінде жұмысшыларды диспансерлеуді жүргізу арқылы, аурулардың ерте байқалуын және дамуын ескерту медициналық комиссия жұмысының бірден-бір басым бағыты болып табылады. Диагностикалық және емдік-сауықтыру іс-шаралары, кешендік профилактикалықты қоса, халықтың денсаулық жағдайын белсенді динамикалық бақылау диспансерлеу болып табылады.
Белсенді өмірлік жетістік, өлім-жітім, мүгедектік, ауру көрсеткіштерін төмендету, ауруды алдын-ала емдеу, халықтың денсаулығын нығайту және сақтау, қалыптастыру диспансерлеудің мақсаты болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесімен, қоғаммен, мемлекетпен, жүзеге асырылатын аурулардың алдын-алу шаралары кең жүйеге құрамалы мүшесі ретінде диспансерлеуге кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру яғни, ішімдік қолданумен, шылым шегумен, серпілімділікпен күресу, тиімді баланста қоректенумен қамтамасыз ету, тұрмысқа және демалысқа еңбек жағдайының жақсаруына бағытталған жалпы мемлекеттік күш. Халықтың денсаулығын жүйелі медициналық бақылау арқылы оларды ескерту және ауруларды ерте кезеңінде әшкерелеуге бағытталған, алдын-ала емдеуді және емдеуді синтездейтін, диспансерлік әдісті пайдаланатын, денсаулық сақтау жүйесіне осы жиын өлшемінде маңызды роль бұрылады.
Ж.Садырбек, аудандық санитарлық- эпидемиологиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы