Жеңіс жасындай жарқырады

0

Өткен аптада жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиада Ақмола облысы, Көкшетау қаласында өтті.

Аталмыш спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен бір жарым мыңнан астам қатысушы қатысты. Жарысқа қатысушылар спорттың футзал, волейбол, 3×3 баскетбол, жүзу, үстел теннисі, үлкен теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және киберспорт бойынша сынға түсті. Айта кетейік үлкен теннис пен киберспорт спартакиаданың бағдарламасына ресми түрде тұңғыш рет енгізілді.
Аталмыш сайысқа қатысқан аудандық білім бөлімінің бас маманы Жеңіс Мұсаахметов ұлттық ойын — тоғызқұмалақтан бақ сынап, жүлделі 3 — орынды иеленді.
Республикалық спартакиада тек адал спорттық бәсекенің алаңы ғана емес, сонымен қатар өңіраралық кәсіби байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға ықпал ететін маңызды алаң болмақ.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.