Кездесу өтті

0

Жаңа Конституция – мемлекетімізді одан әрі жаңғыртуға, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды құқықтық құжат. 1995 жылғы Конституция тәуелсіз Қазақстанның берік құқықтық іргетасын қалыптастырып, егемендігімізді нығайтуға, мемлекеттік институттарды орнықтыруға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосты.

Жаңа Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында мобильдік жұмысшы топ мүшелері аудандық электр жүйесінің ұжымымен кездесу өткізді. Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков: — Жаңа Конституция – еліміздің ұзақ мерзімді дамуының берік құқықтық негізі. Оның басты мақсаты – заң үстемдігін орнықтыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту, — деді. Мұнан соң Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова мен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда алдағы Құрылтай сайлауы – осы конституциялық реформалардың заңды жалғасы екенін алға тартты. Кездесуге қатысушылар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Сонымен қатар ауданда құрылған мобильдік жұмысшы топ аудандық орталық аурухананың ұжымымен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда, орталық аурухананың қызметкерлері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мобильдік топ мүшелері жаңа Конституциялық реформаның бөлімдері туралы жан — жақты мәліметтер берді. Кездесуге қатысушылар өзара пікір алмасып, мемлекеттік саясатты қолдайтындықтарын жеткізді.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.