Аудан әкімі Тұрғындарды қабылдады
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Осы мақсатта ауданымызда жеке қабылдаулар өткізіліп келеді.
Тұрғындардың көкейлерінде мазалаған сұрақтар мен туындаған мәселелерді шешу, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс өтінімдерін қабылдау басты назарда.
Кезекті қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді.
Қабылдауға алдын ала тіркелген тұрғындар шақырылып, мәселелері тыңдалды. Тұрғындар тұрғын үй және әлеуметтік көмек сияқты мәселелерді қозғады.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер бойынша жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»