Өрт қауіпсіздігі – басты назарда!
Түркістан ауылдық округіне қарасты өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы үздіксіз қызмет атқаруда.
Қызмет барысында өрттің алдын алу шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың дайындығы тұрақты бақылауда ұсталады. Сондай-ақ, кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет ету үшін жеке құрам әрдайым сақадай сай.
Бұдан бөлек, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сақтық шаралары кеңінен насихатталуда.
Өрт қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, өрттің алдын алуға жауапкершілікпен қарауы қажет.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»