Балалардың құқықтарын қорғау-басты назарда
Қазір елімізде балаларды қорғауға арналған қазықты құрал «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асып жатыр. Президенттің тапсырмасымен Үкімет бекіткен құжат 2026-2030 жылдарға арналған. Бағдарлама 158 іс-шараны қамтиды, ал оны жүзеге асыруға жалпы көлемі 1,3 трлн. теңге қаржы қарастырылған.
Мемлекет ең алдымен бала денсаулығына басты назар аударады. Сондықтан сәби туылғанға дейінгі патологиялардың алдын алуға және ерте анықтауға баса ден қойып отыр.
Қазіргі таңда балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған он заң қабылданды. Балаларға қатысты қылмыстар үшін жаза күшейтілді. Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидаты енгізіліп, қауіпсіздік инфрақұрылымы қалыптастырылды.
Осы орайда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Бағжановтың қатысуымен кеңес отырысы өткізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, мекеме және бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 2026 – 2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарының орындалуы және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.
Аталмыш мәселелер бойынша аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Е.Дүйсенбиннің, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Мұсахметовтың, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қ.Тлеубаевтың, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Мелдеевтың, Отбасын қолдау орталығының директоры Ғ.Искеновтың және Жастар ресурстық орталығының директоры Мадина Прімбектің, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Е.Бақытұлының және Жаңатас қаласының әкімі И. Домалақовтың атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы уақыттағы жоспарлары тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, Дәурен Орайұлы балалар тұжырымдамасы аясында жұмыстар атқару бойынша бірқатар басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
Камели Сүлейменова, «Sarysý»