Тұрғындарға құқықтық қолдау көрсететін маңызды орталық

0

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Жайылма ауылдық округі әкімінің аппараты жанынан құқық кабинеті жұмыс істейді.
Құқық кабинеті Жайылма ауылы, К. Домбайұлы көшесі, 1 «Б» мекенжайындағы әкімшілік ғимаратта орналасқан. Мұнда тұрғындар құқықтық мәселелер бойынша кеңес алып, мемлекеттік қызметтер туралы қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады.
Құқық кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тұрғындардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру.
Кабинетте келушілерге компьютерлік техника, интернет желісі және құқықтық ақпараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ азаматтардың өтініштері тіркеліп, қажетті құқықтық бағыт-бағдар беріледі.
Құқық кабинеті халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын дұрыс түсінуіне ықпал етуде. Бұл өз кезегінде қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әділетті азаматтық қоғам қалыптастыруға негіз болады.
Жайылма ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындарды құқықтық кабинет қызметін белсенді пайдалануға шақырады.

Жайылма ауылдық округі әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.