Жыр жаздым арнап, көңілдің ашып сарайын (Марқұм құрметті журналист Жеңістің рухына арнаймын)

0

Сағыныш болып күндерім өткен елестер,
Санамды зерлеп ойымды тербеп деректер.
Тысқары жүрген қоғамнан адам болмайтын,
Болатын алда алатын асу белестер.

Қадірлі болған жасампаз еңбек адамы,
Отанды сүй деп еңбекке үндеп заманы.
Біртұтас болған мақсатпен мүдде ойдағы,
Насихат үгіт шыңдаған ақыл-сананы.

Ынтымақ, бірлік қоғамның ашып ажарын,
Мақсаты айқын орындап қоғам талабын.
Мүшесі қоғам ақ жарма көңіл еншілеп,
Еңбекпен ерен айшықтап өмір баянын.

Ұжымды еңбек адамның жалғап арасын,
Маңдай тер төккен еңбектің беріп бағасын.
Еңбегі ардақ жадырап жайнап жүретін,
Мейірге қанып адамдар тауып жарасым.

Кезеңде осы жаршысы болдың насихат,
Керегін адам қажетін қоғам мақұлдап.
Қаламың ұшқыр сөздерің ұтқыр айтылған,
Бұлтартпас ұғым түбірі шындық ақиқат.

Өсіріп мерей ойыңмен кемел жеткізіп,
Марқайтар жанды көңіл-күй ғажап шектіріп.
Аңсаған ардақ емшісі жанның атандың,
Ендірмей бойға келтірмей ойға еш күдік.

Ойыңмен елеп, сөзіңмен демеп үнемі,
Ауданның үні атандың газет жүрегі.
Жан тербер нәрлі ұсындың сөздің мәйегін,
Қондырар бақты халықтың болып тілегі.

Құт мекен болған Сарыарқа төрін аралап,
Сезімге шомып бөленіп күйге ғаламат.
Сөз толғау жаздың толқытар жанды еріксіз,
Жүрекке тұнған жеріңді туған аялап.

Білігің білім тереңің ұғым жинаған,
Өрелі таным қасиет қадыр сыйлаған.
Тарихы тағылым хиқаят жаздың Кербала,
Жинатып бедел ойыңды терең шыңдаған.

Енгіздің жанын әзілмен қалжың сатира,
Жан шаншар қару ой салар дәру ақылға.
Түгелбай, Қоқыш құрдастар болды нысана,
Көтерер бәрін бермейтін бойды ашуға.

Құрбаны болып қоғамға жаттау бейненің,
Тұспал сөз шаншу түзетті қоғам жөргенін.
Негізгі ойдан мақсатын қойған түсініп,
Жөн жолын тапты түңлігін ашты зерденің.

Ғашықтық жыры дастанға лайық жазылар,
Болмаған бұрын сабағы терең мәні бар.
Бітіртпей мектеп сүйгенін алып қашады,
Сары-арқа жаққа тастамай жарын жанынан.

Астары қылмыс дүрбелең болды Сарысуда,
Жанашыр болды түсінген адам парқына.
Мәмле болып арнаға түсті бәрі де,
Шешімін тапты тосқауыл болмай айқынға.

Кедергі қойған заманның алып асуын,
Өмірге сабақ таңғалтқан тарих ғасыры.
Өмірге серік сүйді ғой ұл-қыз өзегі,
Отына күйген, аялап сүйген асылын.

Қаламы қару, сөздері дәру жан дауа,
Жазылған сайын түсетін таным жандана.
Көңілі жарқын адамды баурап алатын.
Серігі болған иман мен намыс ар дауа.

Аударды қоныс Алматы ару қалаға,
Өзгеріп таным алмасып ағым замана.
Тілшісі болды «Алматы Ақшам» газеті,
Сөздермен маржан нәр құяр ақыл-санаға.

Енгізді жанын қалжың мен әзіл сөзінің,
Сезім боп жайлап оқырман жаулап көңілін.
Іздейтін болды көпшілік ақ шам газетін,
Шығатын алдан аңсаған жандай серігін.

Болмақшы елде кітаптың тұсау кесері,
Етілген бейнет толассыз еңбек өтеуі.
Туған жер төрі, туған ел белі дайын тұр ,
Жарқырап жүрген жампозын күтіп кешегі.

Ас бермек ұлы, бауырлар, Майра жан-жары,
Жан толқыр қаза еске алу шара бар мәні.
Тұрағы Жеңіс Фердаус болсын жаннат төр,
Пәниді жалғар тірінің аңсар арманы.

Жыр жаздым арнап көңілдің ашып сарайын,
Пейілмен ғашық сезімнің шашып арайын.
Жаратқан ием бір Алла өзі жар болып,
Бөлентіп сыйға толтырсын нұрға маңайын.

Рәтбек қажы Сүлейменұлы,
Саудакент ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.