Интеллектуалды сайыс өтті

0

Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні жастар арасында білімге құштар, ойы озық мамандарды анықтау, зияткерлік ойын арқылы функционалдық сауаттылықтарын арттыру, жастардың жалпы эрудициясын дамыту, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, ұлттық құндылықтар мен әлемдік мәдениетке қызығушылықтарын және мекеме жастары арасында ынтымақтастық пен белсенділікті қалыптастыру мақсатында Досбол ауылында “QAZ IQ” атты интеллектуалды сайыс өтті.
Сайысқа 3 қатысушыдан құралған 4 команда қатысты. Сайыс тартыс­ты әрі қызықты сәттерге толы өтті. Сайыс соңында “Досбол лайв” командасы Алғыс хатпен, ІІІ орын дипломымен “ Non stop” командасы, ІІ орын “Жас түлек” командасы, жүлделі І орын дипломымен “Дарын” командасы марапатталды. Жеңімпаздарға мекеме тарапынан бағалы сыйлықтар үлестірілді.

Жастар ресурстық орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.