Рейд жұмыстары жүргізілді
Қоғамдық тәртіпті сақтау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Тәртіп пен тазалық орныққан елде тұрғындардың өмір сүру сапасы артып, қоғамдық қауіпсіздік пен өзара сыйластық нығая түседі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға мемлекеттік органдармен қатар әрбір азамат белсенді атсалысуы қажет.
Осы мақсатта жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түнгі рейд ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің мамандары және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
Рейдтің негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту болды. Рейд барысында ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың заңда белгіленген уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға қоршаған ортаның тазалығын сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені түсіндіріліп, қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа бейжай қарамайтын елдің болашағы жарқын. Әрбір азамат заңды құрметтеп, тазалықты сақтап, қоғам тыныштығына үлес қосса, қауіпсіз әрі көркейген орта қалыптасады.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»