Ойын алаңшасы пайдалануға берілді

0

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтып, қауіпсіз ортада ойнауына жағдай жасау мақсатында Ә.Бүркітбаев ауылында жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Алаңша заманауи талаптарға сай жабдықталып, түрлі ойын құрылғыларымен қамтамасыз етілген.
Ашылу рәсіміне ата-аналар, тұрғындар мен бүлдіршіндер қатысты. Іс-шара барысында құттықтау сөздер айтылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.
Жаңа ойын алаңшасы – балалардың қуанышы мен қауіпсіз демалысына арналған игі бастамалардың бірі. Бұл алаңша бүлдіршіндердің достарымен бірге ойнап, белсенді уақыт өткізуіне үлкен мүмкіндік береді.

Э. Байсенгирова, клуб меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.