Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді Отан қорғаушылар!
Сіздерді батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл күн – біздің Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді күзетіп тұрған ұлттық әскеріміздің айбынын асқақтататын күн.
Отанды қорғау — қашанда қасиетті де қастерлі ұғым. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып саналған.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Өз әскеріміз құрылды. Биыл Қарулы күштердің құрылғанына 34 жыл толып отыр.
Бұл күн Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн. Біз аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Туған жерімізді ерлікпен қорғаған және қорғайтын азаматтарымызға, әскери борышын өтеушілерге әрқашан құрметпен қараймыз. Осы мерекенің қарсаңында еліміздің Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен оның сапында жүргендерге құрмет көрсетеміз.
Қадірлі ағайын!
Бүгінде, Отан қорғаушылар күні — Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды.
Баршаңызды еліміздің айбынды мерекесі — Отан қорғаушылар күнімен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке тілеймін!
Ержүрек ерлердің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкелсін!
Мереке құтты болсын!