Техникалық шығармашылық орталығында

0

Техникалық шығармашылық орталығының «Адал азамат» бағдарламасы аясында және 2025 — 2026 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес, «Техникалық конструкция» бірлестігінің онкүндігі өткізілуде. Айлықты ашқан орталық директорының орынбасары Қ. Қалдарбеков педагогикалық ұжымға онкүндіктің өткізілудегі мақсаты мен міндетіне тоқталса, бірлестік жетекшісі А. Ақылбекова бірлестік мүшелеріне онкүндік жоспарын соңынан арнайы ашылған бұрышпен таныс­тырды.
«Техникалық конструкция» бірлестігінің онкүндігінің негізгі мақсаты – оқушылардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру, олардың конструкторлық және жобалау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру арқылы инженерлік ойлауын қалыптастыру. Бұл онкүндік барысында оқушылар заманауи технология­ларды қолдануды үйреніп, өз идеяларын нақты бұйым немесе модель түрінде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Онкүндік барысында «Кеме үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі Е. Қайратұлы «Сүргілермен жұмыс жасаған кезіндегі техника қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабағы болып өтті. Шараның басты мақсаты оқушыларға сүргі құралымен дұрыс және қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін үйрету еңбек барысында жарақаттың алдын алу дағдыларын қалыптастыру, құралды тиімді әрі ұқыпты пайдалануға баулу.
Сондай-ақ үйірме оқушылары арасында «Алғырлар додасы» болып өтті. «Алғырлар додасы» интеллектуалдық сайысы – оқушылардың білім деңгейін арттыруға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәні бар іс-шара. Сайыс барысында оқушылар әртүрлі пәндер бойынша сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады, өздерінің тапқырлығы мен жылдамдығын көрсете білді. Аталған іс-шара топтық жарыс түрінде ұйымдастырылып, бірнеше кезеңдерден тұрды. Әр кезең оқушылардың ойлау, талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар «Кеме үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі Есмаханов Ислам ағайдың «Қағаздан кеме жасау: қызықты әрі оңай» тақырыбында сабағы болып өтті. Сабақтың мақсаты қағаздан кеме жасау арқылы оқушылардың қол еңбегіне деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылық пен дәлдікке баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қарапайым тәсілдер арқылы қағазды бүктеу (оригами элементтері) дағдыларын қалыптастырып, нұсқаулық бойынша жұмыс жасауға үйрету.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.