Дәрілеу, алдын алу жұмыстары басталды

0

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан елді мекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Аудан әкімінің 2026 жылғы 9 ақпандағы №40 қаулысына сәйкес Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің бекітуімен аудан аумағындағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына 10 елді (Игілік, Жаңаталап, Жайылма, Маятас, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда, Досбол, Шағалалы, Қамқалы) мекен енгізілген. Залалсыздандыруға жататын қорғаныс аумағы 1 151,6 га, 1320 қора-жай, көлемі 400 мың шаршы метр, 9100 бас МІҚ, 78 900 бас уақ-мал, 5 000 бас жылқы, 1 500 бас түйе.
Аталған қаулыға және аудан әкімінің 2026 жылдың 26 ақпандағы №43 қаулысына сәйкес Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу бойынша ұйымдастыру іс-шаралары бекітіліп, тиісті мекеме, кәсіпорындар міндеттемелері бекітілді.
Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 31,5 млн. теңгеге акарицидтік препараттары сатып алынды.
Заласыздандыру жұмысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасалып, 22,5 млн. теңге (2024 жылы 15,1 млн. тг) шұғыл шығындар резервінен қаржы бөлініп, облыстық ветеринария басқармасымен келісім-шарт жасалды.
Көктемгі 2 айлық санитарлық тазарту жұмыстары кезінде елді мекен ішіндегі, көшелер бойындағы күл, қиды шығарту жұмыстары мен халық арасында мал тұрған қора-жайларды тазалауды;
Залалсыздандыру жұмыстарының кестесі келісіліп, бекітілді.
І-кезеңі 2026 жылдың 20 сәуірінен 10 мамырына дейін;
ІІ-кезеңі 2026 жылдың 14 мамырынан 2 маусымына дейін;
ІІІ-кезеңі 2026 жылдың 17 тамызынан 6 қыркүйекке дейін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эндемиялық аймағына Жаңатас қаласын қосқанда 15 елді мекендерге кенеге қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.