«Жарық жұлдыз» өнер байқауы
Жуырда Алматы қаласындағы «Жарық жұлдыз» балалар журналының ұйымдастыруымен Тараз қаласында Х Республикалық «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауы өтті. Аталмыш сайысқа Жайылма ауылдық өнер мектебінің оқушылары қатысты. Атап айтар болсақ; «Аспапта ойнау» жанры бойынша жақсы нәтиже көрсеткені үшін Сапарғали Айдын І-орынмен, Мейрамбек Ақнұр, Сайлау Қазына, Бекберген Нұрайлар ІІ-орынмен, он үш оқушыдан құралған «Нұрлы саз» домбырашылар ансамбліде ІІ-орынмен марапатталды. Байқауда талантты да дарынды шәкірттерге шығармашылық қолдау білдіріп, педагогикалық еңбек жолында жас ұрпақтың бойына азаматтық, рухани адамгершілік эстетикалық тәрбие қалыптастырғаны үшін ұстаздары Омарова Күлайша мен Ерденбекова Мырзакүл Алғыс хатпен марапатталып, Түркияға жолдама берілді.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»