Аудан намысын қорғады

0

Ауданымызда спорт саласы қарқынды дамып келеді. Спорт мектептерінің жаттықтырушылары дайындаған шәкірттері аудан намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінуде. Жуырда Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында «Қиындық уақытша, өмір мәңгілік» атты ұранымен кикбоксингтен 2012-2016 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында Семей ядролық полигоны ардагерлерінің жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир өтті.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік жас кикбоксшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Кикбоксингтен жаттықтырушы болып жүрген Ербол Пернешов шәкірттері жоғары дайындық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарды иеленіп, ауданымыздың намысын лайықты қорғап қайтты.
Атап айтар болсақ Бекасыл Балтабек қарсыластарынан басым түсіп, 1-орынды жеңіп алды. Ал, Бірімқұл Нұрәлі 3-орынды иеленді.
Жарыс жеңімпаздары ұйым­дастырушылар тарапынан дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.