Жас сайлаушы референдумға қатысып, дауыс берді
15 наурыз күні өткен республикалық референдумға жас сайлаушы Жамбыл Ерасыл қатысып, өз таңдауын жасады.
Жас сайлаушы Маятас ауылындағы №378 Референдум учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты.
– Бүгін мен алғаш рет дауыс беріп отырмын. Бұл мен үшін өте маңызды әрі жауапты қадам. Әрбір жас елдің болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды науқандарға қатысуы керек деп ойлаймын, – дейді.
Жас сайлаушының айтуынша, бұл күн оның өміріндегі ерекше сәттердің бірі. Өйткені кәмелет жасына толғаннан кейін алғаш рет дауыс беру арқылы азаматтық позициясын білдіру мүмкіндігіне ие болған.
С.РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»