Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
Апта ішінде сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 56-шы сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында мәслихат төрағасының, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы есептері, сонымен қатар күн тәртібіне енгізілген қосымша мәселелер тыңдалды.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, қала және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойып, ұсыныстары айтылды.
Ауданда спорттың бұқаралығын арттыру бойынша атқарылған және жоспарлы жұмыстар жөнінде аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттыруға үлкен көңіл бөлініп отырғанын жеткізіп, сонымен қатар бұл саладағы басқа да шараларды атап өтіп, баяндамашыға құзырлы мекемелер мен бірлесе аудандағы ірі кәсіпорындарды демеуші ретінде тарту бойынша шараларды жүргізуді назарға алуды ұсынды.
№9 сайлау округінің депутаты Асанбай Сейналиев аудандағы спорт мектептеріндегі спорт секцияларында жасөспірімдер спорттың әр түрімен айналысатындығын, шұғылданушылар саны көбейіп, олардың қол жеткен жетістіктері де бар деді. Сонымен бірге, баяндамашыға Саудакент ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттығу залы қыс мезгілінде суықтығын, жылу жүйесін ретке келтіру бойынша мүмкіндігін қарастырып, қазірден бастап тиісті шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
№12 сайлау округінің депутаты Талғат Наханов ауданда спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар толық қанағаттанарлық деді. Сондай-ақ, баяндамашыға Тоғызкент ауылына ангар типті спорт кешенін салу мүмкіндігін қарастыру мәселесі жөнінде көтерді.
№3 сайлау округінің депутаты Бауыржан Балғабай ауданда ұлттық спортты дамыту бағытында аттарды жарысқа дайындау үшін арнайы орындардың жоқтығын жеткізді.
Сессияның күн тәртібіндегі: ауданда инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытында атқарылған және жоспарлы жұмыстар жөнінде аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков баяндамашыға ауданда кәсіпкерлерді қолдау бағытында жеңілдетілген несие алу бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ аудандағы ірі кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбек ақысының уақтылы төленуі, басқа да тиісті шараларды назарға алу қажеттігін айтты.
Игілік ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы баяндамасы бойынша аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков бұл мәселеге сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының тарапынан аталған ауылдық округке зерделеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті. Сондай-ақ, баяндамашыға ауылдық округте жоспарланған шаралар, оның ішінде көшелерге жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу мәселесі назардан тыс қалмау қажеттігін айтты.
Күн тәртібіндегі осы мәселеге сәйкес №10 сайлау округінің депутаты Оңласын Мұқашов ауылдық округтерде тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқысты жинау орындарын ретке келтіру, қоршау, санитарлық талаптарға сай жабдықтап, жүйелі түрде тазалау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу мәселесі жөнінде көтерді.
№9 сайлау округінің депутаты Асанбай Сейналиев күн тәртібіндегі осы мәселеге сәйкес Өндіріс, Саудакент ауылдарында тұрғындардың малын өріске шығарып, бағатын бақташының төлемақысын төмендету немесе қоғамдық жұмысшы есебінен қарастыру мәселесі жөнінде айтты.
№12 сайлау округінің депутаты Талғат Наханов күн тәртібіндегі аталған ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы жұмыстары толық қанағаттанарлық деді. Сондай-ақ, баяндамашыға егістік жерлерге берілетін судың төлемақысы жөнінде шаруашылық құрылымдарын уақтылы хабардар етілуін назарға алу қажеттігін жеткізді.
Жайылма ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы баяндама бойынша аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков бұл мәселеге де сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының тарапынан аталған ауылдық округке зерделеу жұмыстары жүргізілгендігін айтты. Жайылма ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ауылдық округтегі өзекті мәселелерді атап өтті. Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков баяндамашыға Жайылма ауылына күрес залына арналған жаңадан ғимарат салу бойынша тиісті құжаттарды әзірлеу тағы басқа да қажетті шараларды аяғына дейін жеткізуді назарға алу қажет деді.
Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер сессия барысында қабылданды.
Сонымен қатар, мәслихат депутаттары қосымша сауалдар көтерді: аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков Жаңатас-Саудакент бағытындағы тиісті жол белгілерінің толық орнатылуын бақылауға алу, №12 сайлау округінің депутаты Талғат Наханов Үлкен Көкдала ауылындағы мектептің ғимаратын мақсатты пайдалану, «Жасыл белдеу» алқабын ретке келтіру, Досбол ауылдық округіндегі көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, арнайы белгі орнату, №6 сайлау округінің депутаты Абдулла Исентаев ауыр салмақты жүк автокөліктеріне арналған Жаңатас қаласындағы бірқатар көшелерге арнайы жол белгілерін орнату, жолдарды жөндеу, спорт және балалар ойын алаңшаларын ретке келтіру, иесіз иттерді аулау мәселелерін бақылауға алу қажеттігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәслихат депутаттарына баяндамашылардың жауаптары берілді. Тиісті ұсыныстар шешім жобаларына енгізіліп, қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты