Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

0

Апта басында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 57-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, қала және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №49-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы және Сарысу аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.