Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

0

Ағымдағы жылы 3 маусым күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 58-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында: Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешіммен қабылданды. Сессия барысында депутаттардың тарапынан аудан әкімінің орынбасары мен мекеме, кәсіпорын басшыларына қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.