Бірлік пен татулыққа біріктіретін мереке
Құрметті сарысулықтар!
Сіздерді мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан айы — Жаратқан Иемізге құлшылық жасау, сабыр, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы.
Ораза — адамзат баласын шыдамдылыққа, бардың бағасына жетуге тәрбиелеп, қайырымды болуға шақыратын қадірлі ай. Әрбіріміздің бойымызда кешірімділікті бекемдейді.
Адамдардың жүрегі жақсылыққа толы, олардың іс-әрекеттері тек таза ниеттер мен бір-біріне деген құрметпен байланысты. Бұл — араздасқан жандардың татуласып, көріспеген туыстың табысатын, адамның бойына қанағат ұялататын ерекше сәт.
Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді.
Ораза айт — мұсылмандар үшін ерекше маңызға ие және үлкен қуанышпен атап өтіледі, отандастарды бірлік пен татулыққа біріктіретін мереке.
Әрбір мұсылман үшін бұл маңызды мереке мейірімділік, әділеттілік сияқты тұрақты рухани құндылықтардың маңыздылығын білдіреді.
Ардақты ағайын!
Көптен күткен осынау қастерлі айда ниет, тілектеріңіз қабыл болып, жақсылыққа кенеліңіздер.
Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылсын. Алла Тағала әр отбасының бірлігін арттырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Шаттық Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың төрағасы