Аудан намысын қорғады

0

Апта ішінде Тараз қаласында Жамбыл облысында мемлекеттік нәзік жанды қызметшілер арасында “8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық спартакиада аясында өткен үстел теннисі жарысында Сарысу ауданының мемлекеттік қызметшілері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Спорттық жарыс-көңілді мәре, дартс, бес тас, қашықтыққа жүгіру, дойбы және түрлі спорттық ойын түрлерінен ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ Сарысу ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы Дәуренбекқызы Алима – Дартстан I орын иеленіп, үздік нәтиже көрсетті. Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Макашева Ботагөз – Үстел теннисінен III-орын иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздары және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе жинақтады. Байқау нәзік жандылардың спортқа, салауатты өмір салтына және жауапкершілікке деген қызығушылығын арттырып, бірлікті нығайтатын маңызды іс-шара ретінде есте қалды.
Аталған жетістіктер – мемлекеттік қызметшілердің тек кәсіби қызметте ғана емес, спорт саласында да белсенді әрі үлгілі екенін айқындайды.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.