Жеңімпаз атанды

0

Ауданымызда кикбоксинг спортына қызығушылар саны артып келеді. Осы спорт түрін дамытуға өз үлесін қосып, жаттықтырушы болып жүрген Ербол Қамбарбекұлы Пернешовтің шәкірттері жүзден жүйрік атанып жүр.
Ербол Қамбарбекұлының шәкірті Балтабек Бекасыл Саматұлы Шымкент қаласындағы өткен 2010-2014 жылғы жасөспірім­дер арасындағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жүсіпов Есбол Жұмағұлұлын еске алуға арналған IV-Республикалық турнирге қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді.
Айта кетейік «Қаратау» ТКӨК директоры Ералиев Әділхан Шынайдарұлы жас спортшының жарысқа қатысуына демеушілік жасады.
Жүлдегер спортшы Балтабек Бекасылдың жеңісі ауданымыздың ғана емес, облысымыздың және еліміздің жетістігі.
Жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайрат танытып, мерейімізді үстем ете білген спортымызға жаңа жеңістер тілейміз. Әр жылымыз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, жеңісті сәттерге толы болып, ел үмітін ақтайтын ерлеріміздің қатары көп болсын.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.