Ұлт болашағы үшін таңдау жасады
Ауданымыздағы ең қарт сайлаушылардың бірі, Саудакент ауылының тұрғыны, 96 жастағы қария, ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Ақылбеков Ермекбай ақсақал референдумға өз үлесін қосып, ұлт болашағы үшін таңдау жасады.
Ауданның ардақты қариясы бүгінде ғасырға жуық ғұмыр кешсе де әлі де тың. Екі ғасырдың куәсі болған ақсақал өз сөзінде: — Мемлекеттік маңызы бар референдумға атсалысу әрбір азаматтың міндеті деп білемін. Ел сенім артқан саяси науқанның салмағын ауыл тұрғындары сезінеді. Осы орайда, мен де өз дауысымды бердім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Мен өзімнің осы бір ғасырға жуық ғұмырымда баршылықты да, жоқшылықты да, жақсыны да, жаманды да бастан өткердім. Ендігі жерде осындай бейбіт күнді, берекелі өмірді бағалай білсек, ұрпақтарымыз өсіп-өніп, еліміз гүлдене берсе деп тілеймін. Жасым жүзге жақындаса да ешқашан сайлаудан қалып көрмедім»,- деді абыз қария.
С.РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»