МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Респуб­ликасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласына қатысты заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары бойынша семинар өтті.
Аталған жиынға ауданымызға арнайы іссапармен келген ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Жанәділ Құрбанов және аталмыш басқарманың бас маманы Сандуғаш Жузбаева қатысып, мемлекет қызмет жүйесіндегі Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк рәсімдік – процестік кодексінің талаптары жөнінде түсіндірді.
Мемлекттік қызметтің міндеттері сөз болған кездесуге қатысқан аудан, қала, ауылдық округтер әкімі аппараттарының және әкімдік бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.