Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жаңа жобада әлеуметтік кепілдіктер мен мемлекеттік қолдау нақты көрсетілген. Азаматтардың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басты мақсат.
Реформа әлеуметтік әділеттілікті нығайтып, халық сенімін арттырады. Мемлекет қоғамдағы осал топтарды қорғауға міндетті.
Абай орта мектебінде ҚР жаңа Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, аудандық прокуратура өкілі Ердәулет Аманбаев, Абай орта мектебінің директоры Қайрат Айнабеков және мектеп қызметкерлері қатысты.
Шарада жаңа жобада адамның негізгі құқықтарын шектеуге болмайтын жағдайлар нақты көрсетілген. Төтенше жағдайлар кезінде де азаматтық еркіндіктерді сақтау басты міндет болып табылатыны айтылды. Жиынға қатысушылар жаңа Ата Заңды қолдайтынын айтып, үстіміздегі жылдың 15 наурызында өтетін референдумға келіп, таңдауларын жасайтынын жеткізді.