Референдумға оң көзқарас танытты

0

Апта ішінде аудандық «Коворкинг» орталығында аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің қатысуымен ардагерлермен жиналыс өтті.

Кездесу барысында аудандық коалиция жетекшісі Мұратбек Есмұрзаев:
-Енді биік мұратқа бастайтын үлкен жолға тағы да аттанып бара жатырмыз. Алдымызда ауқымды іргелі істер тұр. Оған біз қашан, қалай жетеміз? Біз тек Әділет салтанат құрған кезде ғана жетеміз. Заң мен тәртіп үстемдік құрған кезде ғана жетеміз. Жастарымыз білім мен ғылымның, технологияның тілін толық игерсе ғана жетеміз. Оған мың жылдық тарихымызбен, төл мәдениетімізбен жетеміз. Осының барлығы жаңа Конституцияда тайға таңба басқандай көрініс тауып отыр. Ұсыныстарды қарау қорытындысы бойынша Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасына қосымша баптар, редакциялық және стилистикалық түзетулер енгізді, — деді. Сонымен қатар, облыстық коалиция мүшесі Айтбала Жолмаханова жаңа реформаның ұлт бірлігі үшін маңызды қадам екенін айтып, алдағы науқанға ардагерлерді белсенді қатысуға шақырды.
Зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында жаңа Конституцияның қоғам үшін аса маңызды нормалары түсіндіріліп, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басымдықтар талқыланды. Пікір алмасу алаңында адам құқықтарын қорғау, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, әділетті басқару жүйесін қалыптастыру және білім мен технологияға негізделген бәсекеге қабілетті мемлекет құру мәселелері басты назарға алынды.
Коалиция мүшелері жаңа Конституция еліміздің қоғамдық-саяси дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды стратегиялық құжат екенін айтты. Бұл өзгерістер уақыт талабынан туындап отырғанын жеткізіп, бүгінгі жаһандық сын-қатерлер, экономикалық және технологиялық өзгерістер мемлекет басқару жүйесін жаңғыртып, қоғам мен билік арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтуді талап ететінін мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.