Ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады

0

Аптаның бейсенбісі күні аудан әкімі Сәкен Мамытов Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында аудандық Мансап орталығының ұжымымен кездесті.

Жиында аудан басшысы Сәкен Мамытов:
-Жаңа Ата Заңның жобасын Конституциялық комиссия дайындады. Жоба азаматтардың, сарапшылар мен кәсіби қауымдастықтың, саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының ұсыныстарын жан-жақты әрі ашық талқылау нәтижесінде әзірленді. Бұл ауқымды жұмыс жарты жылдай жүргізілді. Жаңа Конституция еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңін айқын көрсетеді. Онда Әділетті Қазақстанның негізгі конституциялық құндылықтары нақты бекітілген. Оның негізінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұр. Негізгі заңның архитектурасы мен мазмұны түбегейлі қайта қаралды,-деп конституциялық реформалардың азаматтардың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігін арттырып, халық пен билік арасындағы ашықтық пен сенімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа өзгерістердің әлеуметтік әділеттілік орнатудағы, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы және демократиялық құндылықтарды дамытудағы рөлі кеңінен сөз болды.
Іс-шара соңында қатысушылар конституциялық реформалар ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.

Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.