Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі
Әйтеке би атындағы орта мектебінде 2025-2026 оқу жылының қаңтар айында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда «Заң және тәртіп» айлығының іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі – қоғамның болашағын қалыптастырудағы ең маңызды факторлардың бірі.
Осыған орай ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін арттыру, отбасындағы құндылықтарды нығайту, бала мен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» тақырыбында ата-аналар арасында жаңа форматта жоспар бойынша 8-сынып жетекшілері А.Малдыбаева, Б.Баққараеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ата-аналар, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі қатысып, бала тәрбиесіндегі отбасының орны, ата-ананың бала өміріндегі ықпалы, отбасындағы тәрбиенің мектептегі білім беру үдерісімен байланысы жан-жақты талқыланды. Шара барысында балаға дұрыс тәрбие беруде ата-ананың үлгі болуы, жылы қарым-қатынас орнату, баланың жас ерекшеліктерін ескеру, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ата –аналарға «Сіз балаңызды қаншалықты білесіз?» деген сауал қойылды. Сауалнама нәтижесі бойынша ата-аналардың көпшілігі өз баласының мінез-құлқын, қызығушылықтары мен күнделікті әдеттерін жақсы білетіндерін атап өтті. Ата-аналар баласының кіммен араласатынын, қандай пәндерге қызығатынын, бос уақытын қалай өткізетінін бақылап отыруға тырысатындарын жеткізді.
Сонымен қатар бірқатар ата-аналар бала өскен сайын оның ішкі жан дүниесін, сезімін толық түсіну қиындай түсетінін мойындады. Кейбір ата-аналар баласының көңіл күйі мен алаңдататын мәселелерін кейде кеш байқап қалатынын, бала ашық сөйлесе бермейтін жағдайлар болатынын айтты. Бұл ата-аналармен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту қажеттігін көрсетті.Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың бір бөлігі баласының заманауи қызығушылықтары, әлеуметтік желідегі белсенділігі, достар ортасы туралы толық ақпаратқа ие емес екенін атап өтті. Осыған байланысты ата-аналар балаға көбірек уақыт бөлу, онымен ашық әңгімелесу, пікірін тыңдау маңызды екенін түсінгендерін жеткізді.
Жалпы алғанда, ата-аналар бұл сауал олардың өз балаcын қаншалықты терең танитыны туралы ойлануына түрткі болғанын айтып, алдағы уақытта баламен қарым-қатынасты жақсартуға, оның ішкі әлеміне көбірек көңіл бөлуге дайын екендіктерін білдірді.Қойылған сауалға ата –аналар қазіргі замандағы бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер, гаджет пен интернеттің бала психологиясына әсері, ата-ананың балаға уақыт бөлуі, жауапкершілікті қалыптастыру жолдары туралы ойлар ортаға салынды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты өмірлік мысалдар арқылы пікір алмасты.
Дөңгелек үстел барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ата-аналарға бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтарды бірлесіп шешу, мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасау, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолайлы орта құру қажеттігін түсіндірді. Шара соңында ата-аналар тарапынан ұсыныстар айтылып, бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді. Өткізілген дөңгелек үстел ата-аналардың тәрбиелік мәдениетін арттыруға, бала тәрбиесіне деген көзқарасын қалыптастыруға және отбасындағы жауапкершілікті терең түсінуге ықпал етті.
Г.Тоқмеилова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары