Колледжде өткен сайыс
Жаңатас көпсалалы колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «ҚАҺАРМАН — 2026» атты әскери-патриоттық топтық жарыс директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақнұр Дүйсенқызы, жастар ісі жөніндегі инспекторы Назира Амирханқызының ұйымдастыруымен өткізілді.
Ұйымдастырылған шараға ауған соғысының ардагерлері, Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Шараның мақсаты: жастардың әскери-патриоттық рухын көтеру;
Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру; Шапшаңдық, батылдық, ұйымшылдық қасиеттерін дамыту. Сайысты АӘД пәнінің оқытушысы М.Исабеков жүргізді. Бұл іс-шараға Жастар ресурстық орталығы демеушілік жасады.
Жарысты колледж директоры Н. Туйтебаева ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараға қатысушылар 5 кезең, атап айтар болсақ:
Автоматты шашу, жинау; Пневматикалық мылтықпен ату; Противогаз кию;
Кеудені жерден көтеру; Қол күрес түрлері бойынша бақтарын сынады.
Шараға 1 курс бойынша 7 топ қатысты.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша:
1-орынды — 03-25 тобы «Зертханалық технология» мамандығы;
2-орынды — 04-25 тобы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы;
3-орынды — 01-25 тобы «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері иеленді.
Қатысушы топтарға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.
«Sarysý»-АҚПАРАТ