КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

0

Б.Қашқынбаев атындағы орта мектепте «Конституцияның елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге аудандық ақпараттық топ мүшесі, аудандық мәслихат депутаты А. Сейналиев қатысып, мектеп ұжымымен мазмұнды пікір алмасты.
-Бұл құжат тек құқықтық құрал ғана емес, сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген қоғамдық шарт болып табылады. Сондықтан әрбір азамат бұл үдерістен шет қалмай, өз пікірін білдіруі – демократиялық қоғамның маңызды белгісі.Жаңа Конституция тек мемлекеттік билік институттарының құрылымын реттеп қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қамтамасыз ететін, қоғам мен мемлекеттің өзара сеніміне негізделген құжат болып отыр. Бұл – еліміздің демократиялық дамуы мен құқықтық мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайтудың маңызды кезеңі,-деді.
Жиында Ата Заңның ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтаудағы маңызы айтылып, ашық әрі әсерлі диалог өрбіді.
Жаңа Конституция халықпен ашық диалог жүргізу барысында қалыптасып, жұртшылықтың шынайы мүддесін айшықтайды. Сондықтан жаңа Ата Заңның жобасын «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Ол – еліміздің орнықты дамуының берік негізі болары анық.

С. Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.