Мектеп ұжымымен кездесті

0

АУДАНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция­сы жобасын кеңінен насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында аудан әкімі С.Мамытовтың қатысуымен Абай атындағы орта мектепте кезекті кездесу өтті.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған нормалардың қоғам өміріндегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік салалардың сапалы дамуына бағытталған бастамалар кеңінен талқыланды. Жиында ұсынылған өзгерістердің ел дамуының жаңа кезеңіне сай келетінін атап өтіп, қоғамдық институттардың белсенді қатысуы реформалардың тиімді жүзеге асуына ықпал ететінін жеткізді.
Өз кезегінде аудан әкімі С. Мамытов жиынға қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін мұқият тыңдап, жаңа Конституция жобасы халықтың мүддесін қорғауға, әділетті әрі ашық мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті.
Жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа қоғамның заманауи сұраныстарына жауап береді және мемлекеттің ең жоғары құндылық ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын тану қағидатына адалдығын растайды.

С. Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.