Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың қасиетті Рамазан айымен құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Шынында, Рамазан айы Жаратушы тарапынан күллі мұсылман қауымына берілген теңдессіз сый болып табылады. Олай болатын себебі, Рамазан айы – айлардың сұлтаны. Ораза ұстаған жанға Алланың берер нығметі, мейірімі, кешірімі мол. Оразаның келуімен адамның бойындағы қанағатшыл қасиеттер де бірге оянады.
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, береке — бірлік, кешірім мен мейірім, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын ай.
Ата – бабамыз Рамазан айын ерекше ыждағатпен қарсы алып, әр күнін мәнді өткізуге тырысқан. Бұл мерекелі мезетте араздасқан жандар татуласып, сырқаттанса көңіл сұрасқан. Бізге бабалар салған сара жолдан үлгі алу маңызды. Бұл – біздің ғасырдан жалғасып келе жатқан ғұрпымыз.
Бұл қасиетті Рамазан айының негізгі ерекшелігі — адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілдік пен сабырлыққа шақырады. Бiр ай бойы астан ғана емес, бейәдеп сөзден, жат қылықтан тартындырып, төзімділікке тәрбиелейді. Ислам діні барлық істе салиқалық пен адалдыққа үндейді.
Адамзаттың ізгі құндылықтарын дәріптейтін, ата дініміз шектен шығуға, өзгеге қиянат жасауға жол бермейді.
Ардақты ағайын!
Бірліктің бесігі, татулықтың тірегі болған аудан жұртшылығы үлкен тәрбие мектебінде рухани кемелденуге бастайтын Рамазан айында жасаған амалдарыңыз бен игі ниеттеріңіз қабыл болсын! Үлкен тәрбие мектебі, рухани кемелденуге бастайтын Рамазан айында жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын!
Әрбір отбасына амандық, толағай табыс, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Бейбітшілігіміз бен берекелі өміріміз ұзағынан болып, есендік пен саулықта келесі Рамазан айына аман жетуге тілектеспін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы, қасиетті Рамазан айы баршаңызға мүбәрак болсын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!