Заңнамалық негіздерін түсіндіру

0

ҚР Жаңа Конституция жобасының заңнамалық негіздерін түсіндіру мақсатында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандық орталық аурухананың ұжымымен кездесті.

Іс-шарада аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – Жаңа Конституция жобасындағы толықтырулар мен өзгерістер, комиссия мүшелерінің атқарған жұмыстары туралы жан-жақты мәлімет берді.
Жиын барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалардың өзегі саналатын жаңа Конституция жобасының мазмұнына ерекше назар аударылды. Конституциялық өзгерістердің мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Сондай-ақ аудан әкімі Конституция – елдің негізгі заңы ғана емес, қоғам дамуының берік іргетасы екенін атап өтті. Ол ұсынылып отырған өзгерістердің халықтың мүддесіне сай әзірленгенін айтып, конституциялық реформаларды ел болашағы үшін маңызды қадам ретінде бағалады.
Жиын соңында Конституциялық өзгерістер ел дамуының берік негізі екені атап өтіліп, жаңа Конституция жобасын түсіндіру және насихаттау жұмыстары алдағы уақытта да аудан көлемінде жалғасатыны айтылды.

С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.