Саз әлеміндегі дара тұлға

0

Қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор, жазушы Ілия Жақановтың 90 жасқа толуына орай Жаңаарық ауылдық округінде «Саз әлеміндегі дара тұлға» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Әдеби-сазды кешке ауылдың үлкен кісілері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдерімен қатар мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өмірі мен шығармашылығын көпшілікке таныту, жас ұрпаққа ұлттық өнерді дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге өнеге көрсету болды.
Кеш барысында Ілия Жақановтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет беріліп, композитордың танымал әндері орындалды.Соның бірі — көпшіліктің жүрегінен орын алған «Жайлаукөл кештері» әнін «Шабыт» өнерпаз ардагер ата-апаларымыз орындады. Сонымен қатар лирикалық әндерінің бірі —көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Әселім» әнін Қазылықова Аққайың орындады.Табиғатпен үндес, әуені терең «Көгілдір көлме» әнін Ақділда Диханбай мырза орындады. Шығармалары мен өлеңдерінен үзінділер оқылды. Оқушылар мен өнерпаздар белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Шара соңында үлкен кісілер тағылымды ой-пікірлерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңес айтып, кеш жоғары деңгейде өтті. Әдеби-сазды кеш қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлап, ұлттық өнерге деген құрметті арттырды.

Сәулет РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.