Кең көлемде түсіндірілді
Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі — тәртіптің құлы, тәртіпті -елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді». Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз. Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің. Ия, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ қағида. Осыған орай Досбол орта мектебінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында «Тәртіп – тәрбие бастауы» атты тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға құқықтық тәрбие беру, қоғамдағы тәртіп пен заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ адами құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптары, мектеп ережелері, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениеті туралы кеңінен түсіндірілді. Түрлі тәрбиелік әңгімелер, пікірталастар ұйымдастырылып, өмірден алынған жағдаяттар арқылы заң бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында тәртіп пен тәрбиенің өзара тығыз байланысы атап өтіліп, заңды сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті екені айтылды. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен саналы тәртіп қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Досбол орта мектебі