Ән-жүректің тілегі

0

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Әрбір адамның табиғат сыйлаған дарыны болады. Міне, сондай өнерлі, дарынды ұстаздарымыздың шәкірттері қанат қағып, қазақтың өнерін әлемге танытуда. Киелі қара шаңырақ Сарысу жерінен күміс көмей, жез таңдай әншілер, өнер майталмандары қияға қанат қақты. Халықаралық, республикалық түрлі байқауларда жүзден жүйрік шықты. Өскелең ұрпақ ол кісілерге қарап бой түзеді.
Жуырда Ықылас Дүкенұлы атындағы балалар саз мектебінің ұйымдастыруымен аудандық “Ән-жүректің тілегі” атты қосымша білім беру мекемелерінің арасында караоке-эстафета болып өтті.
Байқауға 9 қосымша білім беру мекемелері қатысып, бақтарын сынады.
Қазылар алқасының шешімімен Игілік ауылдық балалар өнер мектебі 1-орынды қанжығасына байлады. Жайылма ауылдық балалар өнер мектебі 2-орынды жеңіп алды. Ал, 3-орынды Жаңатас қалалық балалар өнер мектебі иеленді. Ұйымдастырушылар тарапынан байқауға қатысушылар мен жүлдегерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»ф

Leave A Reply

Your email address will not be published.