Шахмат – ақыл-ой спорты

0

Тоғызкент ауылдық округі Тоғызкент ауылында «Сарысу ауданындағы №29 Балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де спорттық бағыт аясында «Шахмат – ақыл-ой спорты» тақырыбында шахматтан ойын ұйымдастырылды.
Аталмыш шараның мақсаты ойыншылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік деңгейін арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шахмат ойынына қызығушылығын қалыптастыру.
Шаршы тақтада 11 оқушы бақ сынады.
Іс-шара барысында жаттықтырушы Е.Бүркітбаев оқушыларға жүріс жасау ережелерін, ойлау стратегияларын, тактика мен комбинацияларды үйретті.
Ойынға қатысушылар стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп, өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасты.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.