Алтын қолды шеберлер

0

Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды жүзеге асыру мақсатында «Алтын қолды шеберлер» атты жас қолөнершілер байқауы өткізілді. Байқауға ауданымыздың қосымша білім беру мекемелерінен барлығы 18 оқушы қатысып, бақ сынады. Байқауда Әйтеке би атындағы орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі Маженов Дархан, Жайылма ауылдық клуб үйінің мәдени ұйымдастырушы маманы Әмірбекова Надира, «Бейнелеу және сәндік қол өнер» бөлімінің мұғалімі Жанабилов Мұхтар қазылық етті. Оқушылар байқау ережесіне сай байқауға әр қатысушыдан 2 жұмыс қабылданды. Байқау жұмыстары кез-келген техникада (жүннен, ағаштан, темірден, қағаздан, матадан, сүйектен) барлық техникада жасалған қолөнер жұмыстарын әкеліп қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша мына төмендегідей нәтижеге қол жеткізді. І- орынды Жаңатас аула клубының оқушысы Қайрат Нұрасыл, балалар шығармашылық орталығының оқушысы Нұрлан Медина жеңіп алды.
ІІ- орынды Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің оқушысы Мизанбай Інжу, Игілік өнер мектебінен Сердалы Гүлдерай қанағат тұтты.
Ал, ІІІ- орынды балалар-жасөспірімдер орталығының оқушысы Сәбит Айзере, техникалық шығармашылық орталығының оқушысы Берікқали Мая иеленді.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Байулиев дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.