Кездесу өтті

0

Шоқай датқа атындағы орта мектепте «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Буллинг және оның алдын алу» мақсатында Игілік ауылының түрлі қызмет басында жүрген жастары мен Шоқай датқа атындағы орта мектеп оқушыларының «Ағаға қарап іні өсер» атты кездесуі болып өтті.

Мақсаты: ағаны ініге үлгі ету; Дұрыс таңдау жасауға үйрету;
Кездесуге ата -ана үмітін ақтап, өздерін жақсы қырларымен, айтулы еңбектерімен танытып жүрген Игілік ауылының жастары шақырылды. Атап айтсақ, Игілік ауылдық округінің әкімі Ж.Жанайдаров, Саудакент ауылдық спорт мектебінің директоры С.Ниетбеков, Сарысу аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ә.Шілманбетов, «Игілік ӨК» -нің төрағасы А. Аманов, Игілік ауылының тұрғыны, ауыл жанашыры Б. Тоқжұманов және Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің ұстазы, қолөнер шебері О.Махамбетов, Игілік ауылы әкімінің Жастар ісі жөніндегі инспекторы С.Мырзабековтер осы кештің қадірлі қонақтары болып, оқушылармен өз жетістіктері және өмір жолдарымен бөлісіп, түрлі сұрақтарына жауап берді. Шоқай датқа атындағы орта мектептің директоры Б.Керімбаева кездесудің қонақтары мен оқушыларға жылы лебізі мен жүрек жарды тілегін айтты. Кеш барысында мектеп психологы Ә.Мелдеева келген қонақтар мен оқушылармен психологиялық тренинг өткізді. Оқушыларға буллинг, нашақорлық, лудомания, маскүнемдіктің зияндығы жөнінде түрлі ойлар айтылып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Кеш соңы қонақкәде ретінде күйші О. Махамбетовтың күйіне жалғасты. Кездесуден қонақтар мен оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Шоқай датқа атындағы орта мектебі

Leave A Reply

Your email address will not be published.